Жыл сайын "Раисовка орта мектебі" КММ "Біз - Тимуровцы" еріктілер жасағы "Таза жағалау" экологиялық акциясына қатысады. Акцияның міндеттері: өзен жағасында санитарлық тәртіпті сақтау және оқушыларды еңбекке тәрбиелеу, еріктілер қозғалысын дамыту. Акция барысында оқушылар Шарық өзенінің жағасындағы қоқыстарды жинады. Оқушылар табиғатта демалу кезіндегі жүріс-тұрыс ережелерімен және қоршаған ортаға ұқыпты қарауымен танысты. "Біз қатты таң қалдық, - дейді 9 - сынып оқушысы Мустипан Богдан, - жағалауға пластикалық бөтелкелер, сөмкелер және басқа да қоқыстар шашылып жатыр. Біз табиғаты көркем жерде тұрамыз . Біздің жартастарымыз - Раисовка ауылының визит карточкасы, және әрбір ауыл тұрғыны мен қонақтарын табиғатты ластамауға шақырамыз!